Басты жаңалықтар

АУЫЛ КЕЛБЕТІ — ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ КӨРІНІСІ

Әлібек БАЗАРҒАЛИЕВ,
облыстық мәслихаттың депутаты,
«Ауыл» партиясының мүшесі:

— Өзіміз мекен ететін қала, ауылдарымызды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін қалыптастыру — өте маңызды мәселе. Бұл орайда әсіресе ауылдарда үлкен жұмыстар жүргізілуі қажет. Ауыл мен қаланың мәдениетінде, халықтың жағдайында, көрік-келбетінде еш алшақтық болмауға тиіс. Ауылда да сәби дүниеге келгеннен бастап жылуы, жарығы, сапалы суы келіп тұрған жайлы да келісті үйде өмір сүріп, одан соң қазіргі заманға лайық балабақшаға, мектепке баруы керек. Атқарушы органдар, кәсіпкерлер мен тұрғындар болып, күш біріктіріп, жұмыла кіріссек, бұл, әрине, орындалатын мақсат. Өйткені еліміз бай, мүмкіндігіміз зор. «Ауыл — ел бесігі» дейтін болсақ, ауылдарымыздың келбеті — ұлт мәдениетінің бір көрінісі, ажырамас бөлшегі.
Күнделікті көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары әрдайым назарда болып, үлкен-кішінің бұған атсалысуы да, ең алдымен, өз игілігіміз үшін қажет. Тазалық — денсаулық негізі болса, жасыл желек — таза ауа көзі. Сонымен қатар бұл — жастарға үлкен өнеге. Облыста қазір екі айлық санитарлық тазалық науқаны басталды. Науқан аясындағы тазалық жұмыстарына облыстық мәслихат депутаттары да қатысып жүр.
Өзің тұратын елді мекенге, қоршаған ортаға жанашырлық — Отанға деген сүйіспеншіліктен туындайтын қасиет. Сондықтан баршамыз да бұл істерден тыс қалмасымыз анық.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button