Басты жаңалықтар

Бесқоспа ауылынан 200 адам қауіпсіз жерге көшірілді

 

Мағаджан су қоймасы бөгетінің бұзылуына, бөгетті жағалай орналасқан елді мекендерді су басу қаупі болуына байланысты Бесқоспа ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары Ұлттық ұланға қарасты Ми-171Е тікұшағына отырғызылып, Бесқоспа ауылынан Бестамаққа жеткізілуде. Азаматтар Бестамақ ауылындағы мәдениет үйіне автобустармен тасымалдануда. Сағат 13:30-дағы ақпаратқа сүйенсек, автобус 6 рет рейс жасаған. Нәтижесінде 200 ерексек, ал 80-і – бала.

Эвакуация кезінде барша тұрғындардан құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан айтылатын хабарландыру, ескертулерге құлақ асып, қажетті құжаттарыңызды алып, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймыз.

 

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button