Басты жаңалықтар

Күшіміз – бірлікте

 

Кешегі күннен бастап «Анаға тағзым» орталығында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау пункті ашылды. Белсенді қала тұрғындары, кәсіпкерлер, волонтерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, сондай-ақ мектеп пен балабақша ата-аналары көмек көрсетуде.

Халық кілем, матрац, төсек-көрпелер, жамылғылар, киім-кешек, сыртқы киімдермен қоса, тұрмыстық заттар, жеке гигиена өнімдерін де әкелуде. Азық-түлік тауарларының ішінде шай, қант, су, күріш, май сынды бірінші кезектегі қажетті заттар да жиналып жатыр.

Арнайы стеллаждарға ілінген киімдер мектептерге таратылып, көмек қолын созған еріктілерге бес қазан палау пісіруді ұйымдастырған.

Аталған іс-шаралар 24 сағат бойы тынымсыз жүргізілуде. Түнгі уақытта да көмек қолын созып жатқандар бар, сондай-ақ эвакуациялық пункттердің сұранысымен заттарды жеткізіп беруге әзір азаматтар да осы жерден табылып жатыр.

Жұмыстар – жергілікті билік, азаматтық қоғам өкілдері тарапынан жіті қадағаланып отыр. Сын сағатта облыс тұрғындары бір-біріне қол созып, бірліктің үздік үлгісін осылай көрсетуде.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button