Басты жаңалықтар

Ш.Берсиев ауылының тұрғындарына үш тікұшақ жіберіледі

Ақтөбеден Ойыл ауданының Қаратал ауылдық округі Шығанақ Берсиев ауылына қажетті азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек пен көрпе-төсек сияқты гуманитарлық көмек тиелген тікұшақтар ұшады.

Еріген қар суы басқан ауыл тұрғындарына шұғыл көмек көрсету және эвакуациялау үшін мамандар бара жатыр. Атап айтқанда, Ми-8 тікұшақтарының бортында Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының ұшқыштары, медицина қызметкерлері, психологтардан құралған құтқарушылар тобы бар.

Айтып өтейік, елді мекендегі мектепке 356 адам уақытша орналастырылған. Оның ішінде ересектердің саны – 262, ал балалар саны – 94. Алғашқы медициналық көмекке мұқтаж тұрғындар жоқ. Тамақтандыру мәселесін ауыл кәсіпкері Назгүл Ешпанова мойнына алған.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button