Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы Қобда ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Қобда ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Комиссия су тасқынынан келген шығынды есептейді.

Қазіргі кезде үйлерді су басқан деректер тіркелді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

«Қобда аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы кезектен тыс отырысын өткізді. Қобда ауданы аумағында 28 наурыздан бастап жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Қобда өзені өз арнасынан шығып, Қобда ауылының батыс аймағында тұрғын үйлерге су кірді. Зардап шеккен азаматтарға тиісті көмек береді. Комиссия өз жұмысын істейді», – деді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button