Басты жаңалықтар

МОЛ СУДЫҢ КӨЗІ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

Ақтөбелік синоптиктер табиғи апаттың негізгі себептерін атады.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының директоры Айгүл Саимованың айтуынша, су тасқынының туындауына үш жағдай себеп болған.

Біріншісі — күзгі жауын-шашынның салдарынан топырақ ылғалданып, аяз көтерілгенде қатып қалды. Соның салдарынан жерде қатқан тоңның тереңдігі отыз сантиметрден бір метрге дейін жеткен.

Екінші себеп — қыста қар мен жаңбырдың аралас жаууы. Бұл жер бетінде мұз қыртысының пайда болуына әкелді. Мұзда ауа болмағандықтан, қарға қарағанда ылғал көп екені физика заңдарынан белгілі. Ал үшінші себеп — түнде ауа температурасының нөлден жоғары болуы.

Әдетте, түнде ауа температурасы нөлден жоғары болған жағдайда судың мөлшері көп болады. Биыл 26 наурызда облыс аумағында күн жылынып, жаңбыр жауып, су мөлшері артты, — деді  Айгүл Саимова.

Синоптиктердің мәліметінше, облыстың оңтүстік бөлігінде су тасқыны наурыздың 15-і күні болған. Қазір солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде су тасып жатыр. Орташа есеппен алғанда су тасқыны 10-11 күнге созылады.

Қысқа мерзімді болжамдар 29-31 наурызда ауа температурасының түнде -10, күндіз -3-5 градусқа дейін төмендейтінін көрсетеді.

Асхат ҚАЛЖАНОВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button