Жаңалықтар

Президент кеңесшісі жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңір жастарымен кездесті. Оған облыс әкімнің орынбасары Бұлбұл Елеусінова да қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуде жастардың кәсіп таңдауына бағыт-бағдар беретін мәселелер талқыланып, өзекті ойлар айтылды. Президент кеңесшісі жастардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан — дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», — деген болатын. Дана халқымызда «Жас келсе — іске» деген әдемі сөз бар. Бұл — жастардың қашанда тың бастамалардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші екенінің дәлелі. Осы қызметке келген кезден бастап жастармен бірнеше рет кездестім. Келелі ойлар, келісті пікірлерін тыңдап, көтерген мәселелерін шешуге, идеяларын іске асыруға қолдау көрсету бағытында жұмыс жасап жатырмыз, — деді Мәлік Отарбаев.
Кездесуге «Aqbobek» International School директоры Дәулет Боранғали те қатысып, пікір білдірді.
— Мен «Дем» жобасын үйлестіріп, кәсіпкерлікке қызығатын жастармен жұмыс жасап келемін. Жоба барысында жастарға қаржылық сауаттылық курсы өткізіледі. Курсқа қатысушылар коуч-тренерлермен кері байланыс жасай отырып, кәсіп бастауына мүмкіндіктері бар, — дейді.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button