Басты жаңалықтар

Бала қауіпсіздігі: тыныш қоғам, жарқын болашақ

Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін.

Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы — өте маңызды мәселе.

Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн.

Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан.

Полицейлер балалардың жолдағы қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша балалардың қатысуымен 89 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 104 бала жарақат алып, 11 бала көз жұмған.

Құқықтық статистика мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері облыс аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер жасаған қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 69,6 пайызға өскен. Тіркелген 77 қылмыстың бірі — кісі өлтіру.

Облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжановтың айтуынша, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 71 пайызы бұрын ішкі істер органдарында есепке тұрмаған және полиция бөлімдеріне жеткізілмеген. 5 қылмыс таңғы сағат 8.00 мен түскі сағат 14.00 аралығында, яғни оқушылардың сабақта болатын кезінде жасалған. Дегенмен балалардың сабақта жоқтығы туралы құқық қорғау органдарына хабарланбапты.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстың талдауына сәйкес криминогендік жағдайдағы 16 мектеп анықталған. Бұл мектептер: Ақтөбе қаласындағы №14, 16, 22, 29, 31, 36, 38, 40, 42, 53, Байғанин ауданындағы №3 Қарауылкелді, Қобда ауданындағы Сарыбұлақ, Қобыланды және Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қалалық №3,  Ембі қалалық №1, 2 орта мектептері.

Біз тиісті мекемелерге хабарласып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс және оның алдын алу бойынша және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан жұмыстар туралы сөйлескен едік. Сонымен…

Қауіпсіздік:

күзет қызметі, дабыл түймесі және бейнебақылау жүйесі

Бала қауіпсіздігі — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ел Президенті күні кешегі Жолдауында бала қауіпсіздігіне аса мән беріп, Үкіметке  кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді нықтап тапсырды. Сондай-ақ қысымға ұшырағандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеуді жүктеді.

Облыстағы  білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біраз жұмыс жасалды. Нақтырақ айтсақ, өңір бойынша барлық 431мектеп, 589 балабақша мен 41 колледж бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Оларда 14 337 камера бар. Полиция департаментінің жедел басқару орталығына 91 мектептің (2254 камера) және 2 ауданның полиция бөліміне 18 мектептің (Мұғалжарда — 16,  Қарғалыда — 2 мектеп) бақылау камералары қосылған. Жалпы ішкі істер органдарына 119 мектептің камералары қосылды.

Сонымен қатар жедел басқару орталығына 10 балабақшаның 204 және 3 колледждің 64 камерасы қосылған.

Облыстық мәслихаттың 28 сәуірдегі №13 шешімімен білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша 748 250,3 мың теңге бөлінді. Соның арқасында 184 білім беру ұйымының (93 мектеп, 129 балабақша) бейнебақылау жүйесі жаңартылатын болады. Сондай-ақ 264 мектеп жедел басқару орталығына қосылады.

Қазір бейнебақылау камераларынжеткізуші мен арнайы байланыс арнасын құру операторларын анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, лицензиялы күзет қызметімен 132 мектеп, 49 балабақша, 11 колледж қамтылды. Облыс бойынша 36 мектепте металл іздегіш бар, 134 мектеп, 41 балабақша мен 10 колледжде турникет орнатылған.

Дабыл түймелері орнатылған мектеп саны —192 білім шаңырағы (оның ішінде 2-3 қатер тобына жататын, яғни бала саны 300-ден астам бала оқитын 178 мектеп), — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Құқықбұзушылық:

криминогендік жағдайдағы 16  мектеп және ата-аналар кезекшілігі

Жайық Исаұлының айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстың талдауына сәйкес криминогендік жағдайдағы 16 мектеп анықталған.

Бұл мектептер — Ақтөбе қаласындағы №14, 16, 22, 29, 31, 36, 38, 40, 42, 53, Байғанин ауданындағы №3 Қарауылкелді,  Қобда ауданындағы Сарыбұлақ, Қобыланды және Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қалалық №3, Ембі қалалық №1, 2 орта мектептері. 2022-2023 оқу жылында  аталған білім беру ұйымдарында пилоттық жоба ретінде ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды. Жоба аясында құқықбұзушылыққа бейім жасөспірімдермен кездесулер өткізіліп, құқықтық, тәртіптік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Сол жобаны барлық мектепте жалғастыру қажет. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруымыз керек, —  дейді басқарма басшысы Жайық Сұлтан.

Қолдау:

мектеп, кабинет және жоба

Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» құрылған. Сондай-ақ жасөспірімдер, ата-аналар үшін «Жан сыры» психологиялық консультация кабинеті тұрақты жұмыс жасайды.

Қолайсыз отбасылардың балаларымен жұмыс жасауға арналған ведомствоаралық жоспар бекітілді. Бұл балалар білім беру ұйымы басшылығының үнемі бақылауында тұр. Өңірде қолайсыз отбасыларға дер кезінде қажетті қолдау көрсету, оларды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында  «Жәрдем» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты — берекесі қашып, тыныштығы бұзылған шаңырақтарда тәрбиеленіп жатқан балаларды бақылауға алу, оларға қолдау көрсету, отбасындағы зорлық-зомбылықтан, қатігездіктен қорғау, — дейді басқарма басшысы.

Айта кету керек, зорлық-зомбылыққа ұшыраған және жүкті болып қалған жасөспірімдерге медициналық, психологиялық консультациялық көмек көрсету мақсатында «Сенім телефоны» және жедел желі жұмыс жасайды. Бұл туралы ақпараттароблыстық білім басқармасымен білім бөлімдерінің Facebook, Instagram парақшаларында орналастырылған.

БасқарманыңInstagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырылды.Шара барысында тәжірибелі мамандар буллинг пен кибербуллингтің қаупі, ZOOMER ұрпақтың мәселесі туралы жан-жақты түсіндірді.

Облыстағы барлық мектепте балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Bala Qorgau» QR-коды 24/7 режимінде жұмыс жасайды. Соның  арқасында балалар мен ата-аналарға тегін консультация беріледі.

Биыл облыстық білім басқармасы пилоттық режимде  «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

Балалар тасымалы және арнайы бұйрық

Облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов балалардың жолдағы қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша балалардың қатысуымен 89 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 104 бала жарақат алып, 11 бала көз жұмған.

Күні кеше ғана, 15 қыркүйекте түнде 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе-Орск тасжолында ВАЗ 21099 маркалы автокөлігін заңсыз басқарып, қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысқан. Көлікте баланың әкесі болса да, құқықбұзушылыққа жол берілген.

Оқушылар тасымалы үшін Ішкі  істер министрлігінің арнайы №349 бұйрығы бар. Осы құжатта балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары көрсетілген. Аталған бұйрыққа сәйкес білім беру ұйымы кем дегенде 3 күн бұрын ішкі істер органдарына оқушылардың қашан, қайда баратыны туралы өтініш жіберу керек. Бұдан кейін жол полицейлері сол жолды, бағытты алдын ала зерттейді, тәуліктің қай мезгілінде көлік аз жүретінін анықтайды. Автобустардың жарақтылығы тексеріледі. Балаларды тасымалдайтын автобустарда арнайы белгілер, дәрі-дәрмек қобдишасы болуы  керек.

Мұғалімдер әр сабақта ең болмаса 2-3 минут уақыт бөліп, жол қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы айтуы қажет, — дейді Айдос Құлжанов.

Темір ауданындағы болған жол-көлік оқиғасына байланысты биыл кәмелетке толмағандардың қатысуымен өткізілетін барлық спорттық іс-шаралардың  жоспары үшжақты қаралып, 38 мекемемен келісім жасалып, бекітіліпті.

Тамыз айында Ақтөбе қаласындағы балаларды тасымалдайтын 33 автобустың техникалық жағдайы, көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу куәліктері мен денсаулығы тексерілген. Қалалық полиция басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп, әр мектептің алдына жасанды жол кедергілерін орнатыпты. Сондай-ақ жол жүру белгілері қойылып, жарықтандырылған. Қалалық полиция қызметкерлері балалардың мектепке баратын жолдарын зерттеп, қорытындысында әкімдікке 54 көшені жарықтандыру үшін ұсыныс жолдапты.

Егде жастағы адам мектепті күзете алмай ма?

Айдос Ерболатұлының айтуынша,жыл басынан бері облыста жасөспірімдер қылмысы 69,6 пайызға өскен (76). Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 71 пайызы бұрын ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және полиция бөлімдеріне жеткізілмеген. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың басым бөлігі— мектеп және колледж оқушылары.

Олар оқитын білім беру ұйымдары: Ақтөбе қаласыбойынша №6,19,25,33,34,44,62 және Алғадағы №3, Мұғалжардағы №3, Ембіқаласындағы №4, Темірдегі Шұбарши, Шалқардағы Жангелдин атындағы мектептер.

Талдау нәтижесі бойынша қылмыстардың 5-еуі сағат 8.00-14.00, 37 қылмыс сағат 14.00-20.00, 28 қылмыс сағат 20.00-02.00 және 10 қылмыссағат 02.00 -08.00 аралығында болған.5 қылмыс кәмелетке толмағандардың сабақта отыратын уақытында жасалған және олардың сабақта жоқтығы туралы бізге хабарланған жоқ. 

Жасөспірімдер жасаған 77 қылмыстың 31-ін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары ашты, оның ішінде 3-еуі  білім беру ұйымдарының дер уақытында полицияға хабарлауының арқасында ашылды. Яғни педагогтер мен полиция қызметкерлері арасында өзара іс-қимыл бар, бірақ тиісті деңгейде емес.

Қылмыстың алдын алудың тиімділігін арттыру үшін білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары бірлесіп, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық фактілерін алдын ала анықтау методикасын әзірлеп, ішкі істер органдарын дер уақытында ақпараттандыру керек. Егдеж астағы адамдарды мектеп күзетшісі етіп алуға болмайды. Өйткені олар полиция келгенге дейін құқықбұзушыға қарсылық көрсете алмайды.Сол себепті күзетшілерге қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау және күзет компанияларымен келісім шарттар жаса уқажет, — дейді Айдос Құлжанов.

Жасөспірімдер қылмысы өсіп кетті

Полиция басқармасыжасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылшықтың алдын алу мақсатындажедел профилактикалық іс-шаралардыүнемі жүргізеді.Бұл жұмыстардың қорытындысында жыл басынан бері полиция бөлімшелеріне жалпы 2016 кәмелетке толмағанжеткізіліпті. Оның ішінде 2001-і әкімшілік құқықбұзушылық жасағандар болса,102-сі — қараусыз қалғандар.

Түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға заңды өкілісіз жүруіне жол бергені үшін 1929  ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін әкімшілік жазаға 68 адам тартылды. Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 75 кәсіпкер, темекі өнімін сатқаны үшін 6 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды.

32 ұсыныс кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, 1 жасөспірім арнайы мектепке жіберілді. 209 қолайсыз отбасы және 280 кәмелетке толмаған есепке алынды. Оның ішінде 78 ата-ананың балаларының тәрбиесінде, оқуында шаруасы жоқ екені анықталды.  16 ата-ана сот шешімімен өздерінің құқығынан айырылды.

Өкінішке қарай, Ақтөбе қаласында жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр. Былтырмен салыстырғанда қылмыс 41 пайызғаөсіп кетті, — дейді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев.

Қылмысжасағаноқушылардыңоқуорындары: Ақтөбеавтожолколледжі(5), Ақтөбеқұрылысжәне бизнес колледжі(5), Ақтөбе-құрылыс монтаж колледжі(3), Ақтөбеиндустриалды-кәсіптікколледжі(3),Ақтөбежоғарғыполитехникалықколледжі(3), Ақтөбекөлік, байланысжәне электротехника колледжі(3), сондай-ақ№6, 19 ,25, 33, 34, 44 мектептердіңжалпы саны 11 оқушысы.

Бала үйінен неге кетеді?

Жасөспірімдердің үйлерінен кетіп қалу дерегі де жиі тіркелуде. Нақтырақ айтсақ,  жыл басынан бері 94 бала үйінен кетіп қалды. Оның 15-і — ата-анасымен ұрысып қалған, 5-еуі оқығысы келмеген, 74-і өз еркімен қыдырғысы келген. Полиция мен қоғам көмекшілерінің жұмылып жұмыс істеуінің арқасында балалар табылып, ата-аналарымен қауышты.

Өкінішке қарай, жақында ғана мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Ол жаз мезгілінде курьер ретінде табыс тауыпты. Дегенмен үйіне қаражат әкелмегені үшін отбасылық жанжал туындап, жасөспірім түнгі мезгілде үйінен кетіп қалған. Соңы қайғылы жағдайға әкелді… 

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 11 дерегі тіркелді. 2 жасөспірім қайтыс болды.

Әрине, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі зор. Дегенмен жасөспірімдер қылмысы педагогтер мен полиция қызметкерлерінің өзара іс-қимылының тиісті деңдейде ұйымдастырылмауының салдарынан да болып отыр, — дейді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, қаламызда мақтан тұтатын жастарды тәрбиелеп жатқан мектептер де бар. Олардың бірі— №16 аралас мектеп. 26 тамыз күні аталған білім шаңырағының екі оқушысы — Алексей Сотник пен Вероника Тюсько Жеңіс даңғылында зейнеткерді тонап, ауыр қылмыс жасаған күдіктіні хабарлап, 102-ге қоңырау шалған. Сондай-ақ күдіктіні қуып жетіп, оны ұстауға тырысқан. Сөйтіп,бұл балалар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Оларды облыстық полиция департаментінің бастығы Алғыс хатпен марапаттады.

 

P.S. Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Amanat фракциясы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа заң жобасын әзірледі. Партия төрағасы ЕрланҚошанов Парламент Мәжілісінде өткен партия фракциясының кезекті жиынында жұртшылықпен бірлесіп әзірленген заң жобасын таныстырды. Құжатта зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсетудің бірыңғай бағдарламасын енгізу, балалар инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс үшін жазаны қатаңдату жөнінде бірқатар ұсыныстарда бар.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button