Басты жаңалықтарӘлеумет

Хромтау ауданында 15 мың гектардан астам жерден өнім жиналды

Ақтөбе облысында егін жинау науқаны белсенді түрде жалғасуда. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Хромтау ауданындағы жұмыс барысымен танысты.

«Ақжар Агро» ЖШС технологияларды сақтаудың арқасында жыл сайын мол өнім жинайды. Одан әрі кәсіпті дамыту мақсатында шаруашылық үнемі мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланады. 2023 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы серіктестік 250 млн теңге көлемінде жеңілдіктетілген қарыз алды. 2021-2023 жылдары лизингке 10 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Биылғы жылы «Ақжар Агро» 14,3 мың гектардан астам, оның ішінде 10,9 мың гектардан астам дәнді дақылдар, 2,8 мың гектар майлы дақылдар, 522,5 гектар жемшөп еккен.

Серіктестік аумағында облыс әкімі ауданның шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесуі өтті, оның барысында егін жинау науқаны мен шаруашылықтарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бұған дейін хабарланғандай, Хромтау ауданындағы егістің жалпы көлемі биыл 111,9 мың гектардан асты. Оның ішінде 50 мың гектардан астам жерге дәнді дақылдар егілді. Бүгінгі таңда 15 мың гектардан астам жерден өнім жиналды.

Д.АЙДАР

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button