Басты жаңалықтарӘлеумет

Хромтауда бөтелкедегі су өндірісі іске қосылды

Хромтауда қуаттылығы тәулігіне 3 тонна өнім шығаратын «ASTMED» ЖШС бөтелкедегі су өндіру цехы ашылды. Жоба Хромтау моноқаласы үшін «Өркен» өңірлік жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында мемлекеттік қаржылық қолдаудың арқасында іске асырылды. 

Қаржыландырудың жалпы көлемі 30 млн теңгені құрады.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, жаңа кәсіпорынға табыс пен өркендеу тіледі.

Айта кетейік, цех бизнес-инкубатор — дамудың барлық кезеңдерінде: идеяны әзірлеуден бастап оны коммерцияландыруға дейінгі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қолдаумен айналысатын ұйым ғимаратында орналасқан.

Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов өңір басшысына «Өркен» бағдарламасы аясында басталған және Бизнес-инкубаторға орналастырылған басқа да жобалар туралы баяндады. Олардың қатарында клининг қызметтерін көрсететін компания және жүк көліктеріне арналған жылжымалы дөңгелек жөндейтін шеберханасы бар.

Жалпы, осы бизнес субъектілерін ашудың арқасында 30 адам жаңа тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, бизнес-инкубатор аумағында ателье, автотұрақ, тігін цехы және жиһаз өндіретін цех орналасқан.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін үлкен қолдауға айналған бизнес-инкубатордың жұмысында түйткілді мәселе бар. Атап айтқанда, ғимаратқа 380 кВт көлемінде қосымша электр энергиясы қажет. Бұл көлемді қамтамасыз ету тағы 10 өндірістік кәсіпорынды орналастыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі уәкілетті органдарға мәселені шешу бойынша ұсыныстарды зерделеп, қысқа мерзімде енгізуді тапсырды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button