Жаңалықтар

1200 сервистік қызмет көрсетілген

Кәсіпкерлік

Білікті заңгердің кеңесі, салық немесе бухгалтерлік есепті тапсыру, бизнес-жоспар жазуға көмек алу. Осы қызметтердің барлығын кәсіпкер болуға ниетті адамдар ақысыз ала алады. Ол үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жүгінсе жеткілікті.

Айталық, өткен жылы 4 мыңға жуық азаматқа осындай кеңес берілген.

Аталған орталық жұмыс істеген 9 жылда131 мыңнан астам адамға кеңес беріліп, кәсіпкерлерге 29 мыңға жуық сервистік қызмет көрсетілді. Білікті кеңесшілер палатаның аудандық филиалдарында да бар.

Келушілерді  негізінен бухгалтерлік есептерін тапсыру, бизнес-жоспарларды әзірлеу, рұқсат құжаттарын алу, шарттарды дайындау және т.б. қызметтер қызықтырады екен.

— Өткен жылы облыс филиалдарындағы орталықтар арқылы 3 737 азаматқа 16 195 кеңес, сондай-ақ 1 144 кәсіпкерге 1 259 сервистік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар мамандардың қолдауы арқасында  кәсіпкерлік қызметтің 423 субъектісі ашылды, ал  312 жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі 3,7 миллиард теңгеге жеңілдікпен қаржыландыруға қол жеткізді,— дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова.

Палата кеңесшілері былтыр 504 кәсіпкердің есебін тапсырған. Жоғары сұранысқа ие қызметтер арасында заң мәселелеріне байланысты қызмет те бар.

«Мен кәсіпкермін. Техника мен жылжымайтын мүлікті жалға беремін. Тағы бір жобаны қолға алдым. Оған бизнес-жоспар қажет. Сол бойынша кәсіпкерлерпалатасында 5 минут ішінде кеңес берілді», — деп ризашылығын білдірді кәсіпкер Ринат Абдулрахманов.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн қызметтерді g4b.kz портал арқылы алуға болады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button