Мәдениет

Әнші балапандардың шашуы 

Өткен сенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақта «Алаула» балалар фестивалі өтті. Балалар жылы аясында ұйымдастырылған мәдени шарада әнші балапандар ұстаздарымен өнер көрсетті.

Концертке негізінен халықаралық, республикалық байқауларда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жас талаптар қатысты. Ашық аспан астында ән салғандардың қатарында Ринат-Асылжан Шамшырақовтар, Диас Өтес, Ислам Халиуллин, т.б. бар. Ал кештің тізгінін ұстаған — Алматыдан арнайы келген актер Артур Төлепов, кішкентай тележүргізушілер Нұрдәулет пен Жанерке.

— Балалар жылы аясында 14 бала сахнада өнер көрсетті. Тәлімгерлерімен бірге ән шырқаған ұл-қыздар әртүрлі бағыттағы, сан алуан тақырыптағы әндерді таңдады. Сондай-ақ көрермен боп келген балаларға қызықты әсер, жақсы көңіл күй сыйлау үшін фотоаймақ дайындадық. Аниматорлар шақырылды. Жыл соңына дейін балаларға арналған осындай шаралар әлі де жалғасады, — дейді Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсел Бөлекова.

Фестиваль соңында қатысушыларға Ақтөбе қаласының әкімі атынан Алғыс хат тапсырылды.

Айәли АЙБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button