Мәдениет

Тыңдарманын тапқан «тасқын»

Өнер

«Тасқын» вокалды-аспапты ансамблі— аз жылдың ішінде халық ықыласына бөленген ұжым.

2017 жылы«Геолог» Мәдениет үйінің жанынан құрылған ансамбльге Мұхтарбек Қарабалин жетекшілік етеді.

Өнер ұжымы, негізінен, зейнеткерлерден құралған болатын. Алайда алдағы уақытта әр жастағы таланттармен толықтыру жоспарланып отыр.

Ансамбльдің репертуары өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағы әндерге, соның ішінде Шәмші, Нұрғиса, Әсет, Ескендір, т.б. белгілі қазақ композиторларының туындыларына бай. Түрлі мерекелік салтанаттар, басқа да шаралардың мазмұнды өтуіне атсалысып, талғампаз тыңдарманның құлақ құрышын қандырып келе жатқан өнер ұжымы көптеген алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталған.

Ұжымның барлық жетістіктері ескеріліп, биыл «Халықтық» атағын алуға үміткер ретінде ұсынылды. Біз «Тасқынға» сәттілік тілейміз. Ансамбль алда да тыңдармандарын қуанта берері сөзсіз.

А. САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button