Мәдениет

Үлгілі келін                                      

Байқау

Облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы «Үлгілі келін — 2022» байқауын өткізді. Байқау жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау. Жас келіндерді әдептілік пен имандылыққа, ақыл-парасаттылыққа шақыра отырып, өнерлі жастарды қолдау.

Байқау қатысушылары таныстыру, өз өнерін көрсету, қамыр илеу, жаю, сән көрсетілімі сияқты 4  кезең бойынша сайысты.

Мен  Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. Бүгінгі байқауда жетім баланың монологын көрініс ретінде көрсеттім. Тұрмысқа шыққаныма  биыл 7 жыл. Бір ұлдың анасымын. Менің алға қойған мақсатым — отбасы тәрбиесінің мән-маңызын түсіндіре отырып, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу,  —  дейді байқау қатысушысы Арайлым Төлеуова.

Шара соңында жеңімпаздар марапатталды.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button