Жаңалықтар

Үш күн ыстық су болмайды

Құлаққағыс

«Aqtobe suenergy gro­up» АҚ-ның хабарлауынша, 5-7 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында ыстық су беру тоқтатылады.

Жылу мен ауызсумен жабдықтау, сондай-ақ кәріз су бұру қызметтерін көрсететін монополист мекеменің  өкілдері мұның жылдағы жоспарлы жұмыс екенін, сол арқылы алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізілетінін алға тартады.

Ақтөбе қаласы және Есет батыр (Нұр Ақтөбе) шағын ауда­ны бойынша жоғарыда аталған кәсіпорын «ЖЭО» АҚ-пен бі­рлесіп магистралды және ішкі кварталды жылу желілеріне гидравликалық сынақ жұмыстарын өткізеді.

— Жылу жүйесі жылына екі рет тексерістен өтед­і — жылыту мерзі­мі аяқталатын көктем­де және жаңа жылыту мерзімінің басталар тұсында. Бұл жұмыстар алда жылытуды кедерг­ісіз жүзеге асыру үшін жасалады.

Тұтыну коопе­ративтері, кондомини­умдер мен өзге де тұ­тынушылар сынақ жұмыстары барысында үйлер мен ғимараттардың жылу жүйелеріндегі ​ ілмекті арматураны нық жабу қажет, — деп хабарлайды кәсіпорын өкілдері.

Тұрғындарға ыстық су 8 қыркүйек күні беріледі деп жоспарланып отыр. «Aqtobe su-energy gro­up» АҚ келтірілген қолайсыз­дықтар үшін алдын ала кешірім сұрайды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button