Мәдениет

Суретшілер көрмесі

Көрме

Ақтөбе облыстық өнер музейінде Конституция күніне орай «Art stars» шығармашылық студиясының есеп беру көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жас суретшілердің 300-ден астам туындысы ұсынылды.

Шараның басты мақсаты — балаларды көркем шығармаға баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін ерте жастан дамыту, ейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтау.

Көрмеге 4-15 жас аралығындағы 104 оқушының гуашь, акварель, графика, коллаж техникаларында орындалған жұмыстары ұсынылды.

«Art stars» шығармашылық студиясы ең алғаш өз жұмысын 2017 жылдың 1 қаңтарында «Керуен сити» сауда ойын-сауық орталығында бастады.

Студия оқушылары көптеген республикалық және халықаралық байқаулар мен көрмелердің жүлдегерлері атанып жүр.  Былтыр 1 қыркүйекте студияның Батыс-2 шағын ауданында екінші филиалы ашылды.

Қазіргі таңда мұнда 4-17 жас аралығындағы 130-дан астам бала оқиды. Оларға тәжірибелі мұғалімдер сабақ береді. «Art stars» балаларды оқытып қана қоймай, үлкендерге де арналған  әртүрлі техникада мастер-кластар өткізетінін айта кеткен жөн.

Аталған көрме биыл 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button