Жаңалықтар

Мерекелік марапат

Ақтөбе қаласының әкімі  Асхат Шахаров қала күніне орай шаһардың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды құттықтап, Алғыс хат тапсырды. Олардың қатарында әр сала мамандары, кіші қызметкерлер, еңбек ардагерлері мен жас спортшылар бар.  

Биыл қаламыздың іргесінің қаланғанына 153 жыл толды. Тәуелсіздік алғаннан бастап Ақтөбе қаласының дамуы жаңа қарқын алды, бұл жолда талай адамның маңдай терімен келген өлшеусіз еңбегі бар. Бүгінде Ақтөбе еліміздің батыс өңіріндегі мәдениеті мен өркениеті дамыған үлкен шаһарға айналды. Қаламыздың бүгінгі дамуына да үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүргендер көп. Кәсіпкерлеріміз қаланың көркеюіне үлес қосса, спортшыларымыз Ақтөбеміздің намысын қорғап, атын шығарып жүр. Қарапайым қызметкерлер қала тазалығы үшін аянбай еңбек етіп, күнделікті жұмысын мінсіз атқарып келеді. Сіздерге ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Әркімнің еңбегі бағалауға тұрарлық, — деді қала басшысы.

Қала күнінде алғысқа ие болып, марапатталғандардың бірі 62 жастағы Мария Кулимова бұл құрметке ризашылығын білдірді.

Мен қаладағы тазалаушы мекемелердің бірінде  жұмыс істеймін. Күндегі міндетім — аулаларды сыпырып, жинау, тазалау. Бұрын марапатты тек басшылар мен кеңседе жұмыс істейтіндер алады деп ойлаушы едім. Мереке қарсаңында қарапайым еңбек адамдарын қуанышқа бөлеп жатқандарына ризамыз. Ұжымыма, жұмыстастарыма, қала басшылығына рақмет айтамын. Ақтөбенің тазалығына үлес қосып жүргеніме қуанамын. Қаламыз көркейе берсін, — дейді ол.

 С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button