БайқауФотобәйге

Қайтпас Қайсар

Менің 5 жастағы інім Қайсар нағыз атына заты сай жігіт.  Мінезі тентек, айтқанынан қайтпайтын бала. Тентек болса да, ақылды. Мені, үлкендерді қатты сыйлайды. Шоколад сатып алса, онысын маған үнемі бөліп береді. Қайсар әзірге мектепке бармайды. Бірақ мен оған әріптерді, сандарды үйретемін. Бүгінде ол мыңға дейін санайды, кейде одан да асырып жібереді. Сандардың басқа тілдерде қалай айтылатынын сұрай береді. Інім маған көп сұрақ қояды. Білгенімше айтып беремін. Мен Қайсарға домбыра үйретіп жүрмін, бүгінде ол домбыраны шертіп отырып Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін, Молдабайдың «Молдабайдың әнін» орындай алады. «Адай» күйін үйретші», — деп жүр қазір ол. Сонымен бірге Қайсар екеуміз үйде дойбы, домино ойнаймыз, ермексаздан түрлі заттар жасаймыз. Қайсарға сонымен бірге әлем картасын үйретемін, елдердің атауын, орындарын, туларын қандай екенін біразын жаттап алды. Бір жақсысы, Қайсар телефонды көп қарамайды, қарағысы келмейді. «Телефонды көп қараған зиян», — дейді. Ол болашақта президент және имам болғысы келеді.

 Рахман РАХАТ,

Қызылжар орта мектебінің 4-сынып оқушысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button