БайқауФотобәйге

Оқуға зерек Айым

Айым Болат 6 жаста. Биыл Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округіндегі Құрман орта мектебінің 1-сыныбын аяқтады.Ол кішкентай болса да оқуға зерек, білімге, ғылымға құштар, шығармашыл, еңбекқор.

АйымОйыл аудандық өнер мектебінің хореография бөліміне барып, «Маржан» бишілер тобында ұстазы Аллагүл Жанкелдіқызынан дәріс алып жүр.

Атасы Алтай екеуміз ауылда клуб болса да, хореограф маман және дұрыс жабдықталған би залы болмағандықтан, Айымды шалғай ауылдан,жолдың нашарлығына қарамастан, аптасына үш рет аудан орталығына тасимыз.Немеремнің бойындағы өнердің ұшқынын төрт жасында байқап, үйретері мол үйірмеге өзімалып келдім.Немеремізді «Айымшоқан» деп еркелетеміз.

Былтыр Айым республикалық «Жас Дарын» және «Өрлеу» порталдарының ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған шығармашылық байқауға қатысып, «Өлең — сөздің патшасы» номинациясында І орынға ие болды.

Ел Тәуелсіздігінің30 жылдығына орай Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасының аға кітапханашысы Гүлайым Қаплиеваның «Ақылды ертегі» жобасы аясында Айым айтқан 30 ертегіoiyl_madeniet инстаграм парақшасында «Айымшоқанның ертегілері» онлайн айдарымен жарияланып отырды.

Гүлнар ҚАРАБАЛИНА,

Ойыл ауданы.

Құрметті оқырман!

Облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газеті «Кішкентай кейіпкер» фотобәйгесін аяқтайды. Байқау қорытындысы 1 маусым — Балаларды қорғау күнінде жарияланады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді редакция алқасы анықтайды. Ал «Көрермен көзайымы» номинациясы «Ақтөбе» газетінің aqtobegazeti инстапарақшасында дауыс беру арқылы анықталмақ. Осы бастан газеттің әлеуметтік желілеріне тіркеле беріңіздер!

Басқа жаңалықтар

Back to top button