БайқауФотобәйге

Талабы таудай Нұрболат

Нұрболат Тұрғанбай — Ақтөбе қаласындағы №16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі. Жасы алтыда.

Нұрболат — көпшіл бала, топтағы балалармен тез тіл табысады. Ән айтқанды, би билегенді ұнататын олбалабақшадағы іс-шараларға, ертеңгіліктерге белсене қатысады.

Жақында республикалық «Би әлемінде-2022» байқауында ІІІ орынға ие болса, «Әкем және мен» спорттық жарысында І орын алды.

Болашақта полиция қызметкері болғысы келетін Нұрболаттың есімін «Өмірі нұрға толы болсын» деген тілекпен атасы қойыпты. Біз де биыл мектеп табалдырығын аттағалы отырған талабы таудай балапанның әр қадамына гүл бітсін дейміз.

Айдана СӘЛІКЖАН,

«Аққайың» бөбекжай-балабақшасының «Күншуақ» мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button