БайқауФотобәйге

Өнерлі Аяна

Аяна Тайбекова 5 жаста. Ол Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы «Шаттық» бөбекжай-балабақшасына барып жүр.

Аяна бөбекжайға бір жасынан бастап барды, сосын да болар,ерте сөйледі. Өнерге жақын ол балабақшадағы шараларда ән шырқап, би билейді.

Балабақшадағы тәрбиешілерінің және музыка пәнінен дәріс беретін Ерболат Шандиннің баулуымен біраз байқауларға қатысып, жеткен жетістіктері де бар.

Мәселен, «Өрлеу» порталының ұйымдастыруымен ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілген республикалық байқауда, «Ұстазым — ұлағатым» атты өнер байқауында көркем сөз оқудан бағын сынап, өз құрдастары арасында І дәрежелі дипломға ие болды.Аудандық Мәдениет үйіндегі шараларға белсене қатысатын өнерлі балапан «TALANT SHOW» жобасында көрермендер көзайымы атанды. Биыл Балалар жылы аясында өткен аудандық форумда Аяна өнерлі достарымен бірге «Оркестр әнін» керемет орындады.

Айтпақшы, зерек, алғыр, өнерлі Аяна  Асауқызының есімі «Вундеркинд КZ» басылымына енді.

Алдағы уақытта Аяна туған елі мен жерінің абыройын асқақтатын озат оқушы болады деп сенеміз.

Гүлзада МҰХАМБЕТИЯР,

Байғанин ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button