БайқауФотобәйге

Балапан жұлдыз

Салидат Алдабергеннің жасы бесте. Ол Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылындағы Қарашатау орта мектебінің мектепалды даярлық тобына барып жүр.

Шығармашылыққа бейім балақай сурет салғанды, би билегенді жақсы көреді. Сан түрлі бояудың ішінен күлгін түсті ұнататынын айтады. Қандай тапсырма берсең де, соны бар ықыласымен орындайды.

Кішкентай өнерпаз былтыр «Күз аруы-2021» байқауында жеңімпаз атанса, аудандық «Отбасылық шеберхана» байқауында мақтау қағазымен марапатталып, естелік сыйлыққа ие болды.

Өлеңдерді тез жаттайтын Салидат Серікқызы бүгінде көркемсөз оқу шеберлері арасында да топ жарып жүр. Мәселен, «Платон» халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған «Ұлылардың ұлысы — Абай»  атты республикалық көркемсөз оқу байқауында бірінші орынды жеңіп алды. «Жаңа ғасыр таланттары» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Поэзия, менімен егіз бе едің?»  атты республикалық байқауында көркемсөз оқудан үшінші орыннан көрінді.

Талабы таудай балапан жұлдызға шығармашылық табыстар тілейміз.

                                                                                                                               Ақбөпе КЕНЖЕҒАЛИ.

Әйтеке би ауданы,

Құмқұдық ауылы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button