Пікір

Өзгерістер халық мүддесі үшін жасалып жатыр

Абзал ТӘЖІМІШЕВ,

№60 орта мектептің директоры:

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамасын педагогикалық қауым қуанышпен қабылдады. Жалпыхалықтық референдум өткізу — жаңа Қазақстан құруға бағытталған дұрыс шешім.Бұл демократиялық қоғам орнатуға жасалған маңызды қадам.

Педагогтер қауымы қаңтар айынан бері еліміздегі болып жатқан оқиғаларды саралай отырып, Президентіміздің бастамасын қолдайды.Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы ұсынысын халықтың мүддесі үшін жасалып жатқан іс деп түсінеміз.

Халықтың пікірі қай кезде де маңызды. Сондықтан Ата Заңға енгізілетін түзетулер бойынша шешім қабылдауға еліміздің әр азаматы қатысқаны жөн.

Кеше Орталық референдум комиссиясының бірінші отырысы онлайн режимде өтті. Ол жерде осы жылғы 5 маусымда өткізілетін республикалық референдумды өткізуге қатысты мәселелер айтылды. Біздің облыста да Шығармашылық академиясында штаб құрылып, референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық комиссияның бірінші жиыны өтті. Комиссия мүшесі ретінде конституциялық реформаларды түсіндіру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына қатысып, ой-пікірімді айтатын боламын. Алдағы маусым айында Ата заң баптарының үштен бір бөлігі өзгертіліп, Конституциямыз жаңа мәртебеге ие болмақ.

 

 

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button