Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге ақысыз кеңес беріледі

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызметкөрсету орталығы жыл басынан бері1800 адамға 4132 қызмет көрсеткен.

— Кәсіпкерлік қызметке сервистік қолдау көрсету кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұл оның тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бизнес өкілдеріне бұл қызметтер үздіксіз және ақысыз ұсынылады.

Олар біздің менеджер-кеңесшілерімізге бухгалтерлік есеп, заң, маркетинг және мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметтер бойынша жүгіне алады. Онлайн алуға да болады: g4b.kz сайтында бұл қолжетімді. Тек қызмет алушының электронды цифрлық қолтаңбасы, жеке басын және кәсіпкер мәртебесін куәландыратын құжаттары болуы тиіс. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон номерлерге хабарласуға болады: 744-607, 744-615, — дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова.

Оның айтуынша, бухгалтерлік қызметтер бойынша сұрақтар көп түседі екен.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button