«Кішкентай кейіпкер»
Қандыағаш қаласының кішкентай тұрғыны Айдын Жеңісбекұлы өскенде әлемге әйгілі шахматшы болуды армандайды. Қазір жасы бесте. Үйдің кішкентайы, атасы мен әжесінің еркесі мектептен келген соң атасымен бірге шахмат, дойбы ойнағанды жақсы көреді.
— Шахматын қолға алып
Ойланады аташым.
Мен де өскенде атамдай,
Шахматшы боламын! — дейді ол.
Айдын тілалғыш, ақкөңіл бала болып өсіп келеді. Өзінің алдындағы ағаларын қатты жақсы көреді. Үлкендердің айтқанын бірден қағып алады. Бүгінде ол қазақ эстрадасының жұлдыздары шырқап жүрген хит әндерді жаттап алған. Ән айтқанды жақсы көретін кішкентай балақайға ата-анасы арнайы микрофон да сатып әперді. Қазір отбасылық мерекелік кештер Айдынның әндерінсіз өтпейді.
Нұргүл МЫРЗАНҚЫЗЫ,
Қандыағаш қаласы,
Мұғалжар ауданы.