БайқауФотобәйге

Айдарлы бала

«Кішкентай кейіпкер»

Айдар Нұрболатұлының жасы екіде. ОлШалқар қаласындағы «Нұрсәт» балабақшасына барып жүр.

Әкесінің атқамінері күн сайын кешке анасының әлдиімен ұйқыға жатады. Әжесі де сүйікті немересін еркелетіп, ертегі айтып беруден жалықпайды.

Есімін үлкен әкесі Айдар деп қойды. Ал ата-әжелері қазақ салтымен оған айдар шаш қойды. Қазақта «Айдарлы бала — айбарлы бала» деген сөз бар. Үлкендердің айтуынша, айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайды. Сондықтаната-ана баласының қарын шашын алғанда төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, моншақты бау тағып, өріп қоятын болған. Бұл дәстүр тек ер балаға жасалады.

Бесік жырын тыңдап, ертегілермен сусындап, салт-дәстүрді бойына сіңіріп өсіп келе жатқан айдарлы баламыздың болашағы жарқын болсын деп тілейміз. Еліне пайдасы тиетін үлкен азамат болып өссін.

Мәншүк МАПУТОВА,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button