БайқауФотобәйге

Болашақ суретші

Айшагүл Талғатқызы жақында екіге толады. Құмсай ауылындағы «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының кіші тобына барып жүр.

Атасы гүлдей жайнап, құлпырып жүрсіндеп есімін Айшагүл қойды.Жасы кішкентай болсада, өте алғыр әрі зерек боп өсіп келеді.

Баланың өскенде қандай мамандық иесі болатынын кішкентай кезінен байқауға болады деседі. Айшагүлдің қолынан қаламсап пен бояу қарындаштары, сурет салуға арналған альбомы түспейді. Балабақшадағы тәрбиешілері де оның сурет салуға икемі барын айтып отырады. Мүмкін өскенде қылқалам шебері болар.

Өзі үйдің ата-әжесінің еркесі. Тілі ерте шықты қазір еркін сөйлеп жүр. Балабақшада жаттаған тақпақтарын бізге былдырлап айтып береді. Білмегенін үйренуге құштар. Билегенді қатты ұнатады. Қазақ күйлеріне қолдарын айқастырып, бұралып билегеніне бәріміз мәз боламыз. Бала сонысымен тәтті ғой.

 Айымгүл ОРЫНБАСАРОВА.

Құмсай ауылы,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button