БайқауФотобәйге

Болашақ биші

«Кішкентай кейіпкер»

Кәусар Дәуренқызы кішкентайынан ырғақты әуендерге теңселіп отыратын. Қазір жасы жетіде. Биге қызығушылығы балабақша қабырғасынан басталды. Биші апайына еліктеп, үш жасынан бері үйде түрлі қимылдарды жасап жүрді.

Қазіргі таңда Кәусар  Ақтөбе қаласындағы №60 орта мектептің 1-сыныбында оқып жүр. Бос уақытында би үйірмесіне қатысып, кәсіби бишіден дәріс алады. Бүгінде ол ұлттық, қазіргі заманауи және үнді билерін тәп-тәуір билей алады. Айтпақшы, кішкентай өнерпаз — «ONER ONLINE» республикалық шығармашылық байқауының бас жүлде иегері.

Кәусар атақты бишілер туралы білгісі кеп, көп сұрақ қоятын. Әріп танығалы жақсы болды, интернеттен атақты бишілердің өмірі туралы мәліметтерді өзі оқып жүр. Би әлемінің болашақ жұлдызы Шара, Шұғыла секілді би падишаларына ұқсағысы келеді.

Айнұр БАЗАРХАНҚЫЗЫ, 

Ақтөбе қаласы.

Құрметті оқырман!

Қаңтар айында «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газеті өз оқырмандары үшін бірнеше байқау жариялаған болатын. «Ақтөбенің» шебер оқырманы», «Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл» және «Кішкентай кейіпкер» байқауларына қатысу үшін хатыңызды aktobegazetibaikau@mail.ruэлектронды поштасына жолдасаңыз болады.

Байқау шарттарын газетіміздің aktobеgazetі.kz сайтынан немесе 8 (7132) 55 11 11, 8 777 254 73 63 нөміріне хабарласып, біле аласыз. Байқауларға қатысып, тамаша жүлделердің бірін ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар. Ең бастысы, байқауға жіберетін  фотосуреттер сапалы болуы шарт. Хаттарыңызды күтеміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button