Жоба жеңімпаздары марапатталды
Кеше «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова қатысты.
Елбасы қоры жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатында «Ел үміті» атты жаңа бастама көтергені белгілі. «Eл үміті» — жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық марафон. Жоба еліміздің дарынды балалары мен жастарын іздеп тауып, оларды қолдап, ғылыми және шығармашылық белсенділігін ынталандыруға бағытталған.
Жиында Бұлбұл Ораққызы мемлекет тарапынан дарынды жастарды қолдау мақсатында көптеген игі істер атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
— Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі — білім саласын дамыту, таланты жастарды қолдау. Мемлекет басшысы биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауы да соның айғағы.
Сіздер қатысқан жобаның да мақсаты — осы, әрбір қатысушының шығармашылық қабілеттерін шыңдау, — деді облыс әкімінің орынбасары.
«Елбасы медалі» жобасында әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін 7 бағыт ұсынылған: «Спорт және денешынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеуде үздік әлемдік тәжірибе қолданылған.
— Сіздердің жетістіктеріңіз тек өздеріңіздің ғана жеңістеріңіз емес, облыстың да мерейі. Шәкірт жеңісі — педагог еңбегінің жемісі. Сол себепті сіздерді тәрбиелеген ұстаздарыңызға да ризашылығымды білдіремін, — деді Бұлбұл Елеусінова.
Кездесу барысында Бұлбұл Ораққызы балалар мен жеке-жеке сөйлесіп, олармен пікірлесті. Жеңімпаздардың арасында М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты оқушыларының көптігін айтып, аталған білімш аңырағының педагогикалық ұжымына ризашылығын жеткізді. Бұл білім ордасының 9-сынып оқушылары Ақпейіл Сағи мен Махаббат Мұсабаева «Елбасы медалін» иелену үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.
Шарада облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, «Елбасы медалі» жобасының Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі Қапыс Дәрмен сөз сөйлеп, оқушыларға оқуда табыс тіледі.
Айта кету керек, бағдарламаға қатысу үшін үміткер me.fpp.kz онлайн платформасына тіркеліп, ұсынылған «алтын» (18 ай), «күміс» (12 ай) немесе «қола» (6 ай) бағыттарын таңдау керек. Содан кейін әр қатысушы өзіне арнайы бекітілген тәлімгердің көмегіме ніс-шаралар мен кестені таңдап, жеке даму бағдарламасы бойынша тапсырмалар орындайды.Былтыр шілде – желтоқсан айларында 14-18 жастағы134 қатысушы жобаны аяқтады. Нәтижесінде 1-еуі алтын медаль иеленсе, 93-і қола медаль алды. 40 оқушы сертификатқа ие болды. Солардың 23-ін облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мараппаттады. 30 жеңімпазды мараппаттау шарасы Ақтөбе қаласының әкімдігінде өтті. Қалған оқушыларға «Елбасы медалін» әр ауданның әкімдері табыс етеді.
Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.