Жаңалықтар

Жаңа орталық — тың мүмкіндіктер

Ойыл аудандық орталық кітапханасында Коворкинг орталығы ашылды.

Орталық заман талабына сай жабдықталған. Сондай-ақ оқырманға ыңғайлы қызмет көрсетуге, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Мұнда оқу залы, ашық қор және іс-шаралар өткізу, IT аймақтары жұмыс істейді.

Оқу залында іс-шараларды, дәрістерді өткізуге, кино көрсетілімдерді көруге мүмкіндік бар. IT аймақта тегін WI-FI желісін пайдаланып, 4 ноутбук және 4 моноблокпен, кітаптармен, қажетті материалдармен жеке жұмыс істеуге  болады.

Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев кітапхана ардагелері мен оқырмандарын құттықтап, орталықтың жұмысына шығармашылық жетістіктер тіледі.

А.НАУРЫЗОВА,

Ойыл аудандық орталықтандырылған

кітапханалар жүйесінің директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button