Жаңалықтар

Заманауи зертханалар ашылды

Eurasian Resources Group (ERG) пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы меморандум аясында Хромтау қаласының екі мектебінде заманауи STEM зертханалар ашылды. Бұған жұмсалған инвестицияның жалпы сомасы — 20 миллион теңге. 

Ақтөбе қаласындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Корпоративтік коммуникация қызметінің хабарлауынша, зертханалар №1 мектеп пен №5 қалалық гимназияда орнатылды. Оқу кабинеттері жиһаздармен, интерактивті панельмен, ноутбуктермен, практикалық жаттығуларға арналған конструкторлармен жабдықталған. Мұндай зертханада бала нақты ғылымдардың заңдылықтарын тәжірибе жүзінде меңгере алады.

– Заманауи STEM зертханаларда балалар ерекше ынтамен білім алуда. Бұрын мектебімізде мұндай заманауи жабдықтар болмаған еді.Оқушылар жаңа дүниелерді тез қабылдайды, қызыға жұмыстанады.Кабинет әзірге бесінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары үшін ашық.Зертханада оңай әрі қолжетімді әдіспен балалар бірнеше ғылыми бағыттар – инженерлік математика, бағдарламалау, робототехникамен айналысады. Олар зертханадағы жұмыстарын инженерлік математикадан бастайды. Оқушылар өз жобаларын жасай отырып, физика ережелерін тәжірибе жүзінде зерттейді. Балалар қолындағықұралдардан әртүрлі заттарды жасайды. Мысалы, жұмыс істейтін катапульта немесе су деңгейінің датчигін жасауға болады. Одан бөлеколар бағдарламалау тілдерінде оқиды. Робототехникаға қызығатын оқушылар арнайы конструкторлармен жұмыс істей алады. 1-сынып оқушылары үшін LEGO конструкторлары, орта буынға  арналған бөлек блоктар бар, — дейді №5 Хромтау гимназиясы оқу бөлімінің меңгерушісі Жеңісгүл Қаражанова.

Зертханаларды іске қоспас бұрын мердігер-жеткізуші ұйым өкілдері мектеп мұғалімдерін оқытты.

— Мұндай жобалар біз үшін өте маңызды. Біздің компания балалар мен жастарды оқыту мен дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға басымдық береді. Мүмкін болашақта бұл балалар біздің кәсіпорындарға жұмысқа тұратын шығар. Ал қазір STEM зертханаларындағы сабақтардың арқасында мектеп оқушылары, оның ішінде Дөң тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің балалары жаңа дағдыларды меңгеріп шығады. Бұл әсіресе нақты ғылымдарға бейім оқушылар үшін өте маңызды: мектептегі мұндай кәсіптік бағдар мамандықты тез таңдауға, өндіріске оңай бейімделуге сеп,  — дейді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Азамат Бектібаев.

Хромтау мектептерін осындай құрал-жабдықтармен жабдықтау жұмыстары 2018 жылы басталып, сол кезде қаланың екі мектебіне зертханалар орнатылған болатын. Қазіргі зертханалар жаратылыстану ғылымдарына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар арнайы интерактивті панельмен жабдықталған. Ақтөбе облысында осындай қондырғыларды орнатуға ERG үш жылда  43 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған.

Мейрамгүл САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button