Жаңалықтар

 «Тарих тағылымы — жастарға өнеге»

Шалқар ауданында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен  «Киелі мекенге саяхат» жобасы аясында аудандағы тарихи жерлерге танымдық саяхат жасау шаралары қолға алынды.

Жақында аталған жоба бойынша Айшуақ ауылдық округінде «Тарих тағылымы — жастарға өнеге» атты экскурсия ұйымдастырылды.

Шараға аудандық жастар ресурстық орталығының және Айшуақ, Бозой, Жаңақоныс және Есет Көтібарұлы ауылдық округтерінің белсенді жастары қатысты.

Экскурсия Айшуақ ауылдық округінің орталығы Бегімбет ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан дінтанушы Жанаман Ахун кесенесіне барумен басталды. Жанаман Ахунның немере ұрпағы Рақымжан Уайсов жастарға оның өмір жолы туралы баяндады. Шара одан әрі белгілі күйші Қазанғап Тілепбергенұлының кесенесінде жалғасын тапты. Ауылдық округтен шыққан қазанғаптанушы, домбырашы Нұрболат Жанаманов Қазанғап Тілепбергенұлының өмір жолы мен өнер жолын жастарға таныстырды. Сондай-ақ шара аясында аудандық Қ.Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің жас мамандары Қазанғаптың күйлерін күмбірлете орындап берді. Танымдық саяхат қатысушыларға  рухани демалыс сыйлаған ерекше шара болды.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button