Білім

Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз

Ақтөбе гуманитарлық колледжі — болашақ мұғалімдерді даярлайтын оқу орны. Осы колледжде бес бөлім бар, соның бірі —«Әдебиет және тілдер» бөлімі.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Әдебиет және тілдер бөлімі» 2004-2005 оқу жылдарында «Бастауыш білім беру» мамандығы, «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі», ал 2005-2006 оқу жылдарында «Негізгі орта білім беру»,  «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», 2014-2015 оқу жылдарында «Негізгі орта білім беру», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандықтары бойынша алғашқы талапкерлерін қабылдап бастады. Қазіргі таңда үш мамандық бойынша 352 оқушы білім алуда.

Бөлім оқытушылары оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын терең меңгеруге және оны оқу-тәрбие процесінде шебер қолдануға ұмтылыс жасап отырады. Оқытушылар оны үйрену үшін арнайы курстардан өтіп, білімдерін жан-жақты жетілдіре түсуде.

Тәжірибелі оқытушылар А.Қалиева, Б.Жамекова, А.Мұхтарова, Л.Балғазиева, Б.Екібасова, Г.Жиенқұлова, Б.Бисемәлиева, Г.Абдуллина, Г.Әлиева, А.Құрманбекова озық тәжірибелерін таратып, жас оқытушыларға тәлімгерлік көмек көрсетеді. Колледждің оқу-әдістемелік кеңесінің жоспарына сәйкесғылыми-тәжірибелік орталықпен, облыстық тілдерді дамыту орталығымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамымен, педагогикалық шеберлік орталықтарымен бірлесе отырып, шеберлік сағаттар, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, коучингтер өткізіп, іс-тәжірибе алмасады.

Колледжде «Озық тәжірибе», «Жас ұстаз» мектептері жұмыс жасайды, оған бөлімнің оқытушылары белсенді қатысады. Бөлім оқытушылары Г.Шабарова, Н.Аманова, Р.Қолғанатова, Ж.Бекова, Ж.Әділова, А.Қартанова, Г.Наменова, И.Шандаулова, З.Амантаева, Г.Еркебаева, Г.Садық, Э.Екібасова, А.Сәрсенова, А.Ильясова, М.Шудабаева, В.Шаматова, Э.Қарасаева, Б.Нүркеева, Н.Рощепкина-Рябова, Қ.Еспанова өз тәжірибелерін тек ашық сабақтар арқылы ғана емес, республикалық, облыстық, әдістемелік басылымдарға жариялау және конференцияларға қатысу арқылы арттырып отырады. Студенттерді ғылыми жұмысқа баулып, үйрету жолында да еңбектері зор. Айталық, оқытушы Ж.Әділова  «Үздік педагог»байқауының облыстық деңгейдегі 2017, 2018, 2019 жылдардағы жеңімпазы болса, 2020 жылы республикалық деңгейде жеңімпаз атанды. Оқытушы Г.Наменова 2020 жылы «Үздік педагог»байқауының  облыстық деңгейдегі жеңімпазы атанды.

Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша 2014 жылдан бері пилоттық жобада, 2019 жылдан бастап негізгі білім беру ұйымы болып табылады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге қосқан зор еңбегі үшін бөлім оқытушысы Б.Жамекова ҚР Білім және ғылым министрінің «Мейірім әлемге махаббатпен» медалімен марапатталды.

Бөлімде 17 оқу кабинеті жабдықталған. Соның ішінде мультимедия-лингофон кабинеті, Ә.Кекілбаев атындағы кабинет бар. Атаулы кабинетте бүгінгі күні «Әбіш тағылымы» атты оқушылардың ғылыми-шығармашылық орталығы жұмыс істейді.

Бөлімде «Градиент» атты дебаттық клуб та бар. Қыздар арасында волейболдан құрама команда және жасақталған.

Жыл сайынғы түлектердің  еңбекпен қамтылу нәтижесі 92-97 пайызға жетіп отыр. Қала, аудан мектептерінде қызмет етіп, жетістікке жетіп жүрген түлектеріміз — біздің мақтанышымыз!

 В.УӘЛИЕВА,

«Әдебиет және тілдер» бөлімінің меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button