Жаңалықтар

12 науқас тіркелді

25 қарашада облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелді. Жалпы, қазір өңірде осы індеттен емделіп жатқан жандардың саны — 152.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен тікелей эфирде айтылды. Тікелей эфирге облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжолова қатысты.

Мамандардың дерегі бойынша бүгінгі күні індетті таратудың алдын алу мақсатымен 7856 адам үй карантинінде отыр. 25 қарашада облыста 1046 адам жедел медициналық жәрдемнің көмегіне жүгініп, олардың арасында 3 адам коронавирус, 7 адам пневмония дертімен ауруханаға жеткізілген.

Коронавирус пен одан кейінгі асқынулардан облыста осы кезге дейін 604 адам, ал соңғы аптада 5 адам қайтыс болған. Мамандар індеттің бетін қайтару жолы  вакцина алу мен мүмкіндігінше жүріс-тұрысты шектеу екенін тағы да еске салды.

Бүгінге дейін облыста 350 878 адам  вакцинаның бірінші бөлігін алса, 326 222 адам толықтай егілген.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button