Жаңалықтар

Жастарға кеңес берілді

Ақтөбе қаласындағы орталық базардың әкімшілік ғимаратында «Jas Otan» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы кеңес орталығы 35 жасқа дейінгі жастарға қоғамдық қабылдау өткізді.
Аталған шара барысында қала жастарын қалалық жұмыспен қамту орталығының, «Отбасы» банкінің, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Ақтөбе облыстық филиалының, зейнетақы төлеу орталығының мамандары мен қалалық мәслихаттың депутаттары қабылдап, оларға бірқатар мәселелер бойынша кеңес берді.
«Jas Otan» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы кеңес орталығының мақсаты – жастарға арналған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кеңес беру. Осы мақсатты жүзеге асыру бағытында орталық өкілдері жастар көп жиналатын жерлерле көшпелі мобильді консалтинг ұйымдастырып отырады.
Алдағы уақытта кеңес орталығының кезекті жастарды қабылдау іс-шарасы қаладағы «Керуен сити» сауда орталығында өткізу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button