Жаңалықтар

Жас өскінге жанашырлық — тәлім мен тәрбиеден өрістейді

Жас буынға жан-жақты білім берумен қатар, олардың бойында тағылымды тәрбие негізін қалау — үлкендердің міндеті. Бұл ретте ата-аналар алдында тұрған парыз да аз емес. Олар өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуі қажет.

«Адам ұрпағымен мың жасайды». Мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға қалатын қара шаңырағын қорғап,өркендеп,өсуін үнемі қадағалап отырады. Бала тәрбиесі, ең алдымен,отбасындағы ата-анасының ықпалымен жүзеге асып,қоғамдық тәрбиемен ұштасып отырады.

«Көргенділікті әуелі көп алдында өзің көрсет.Баланы бетімен жіберме… жақсылыққа үйрет,жамандықтан жирендір. «Бас мүлгісе,аяқ сүрінеді», әуелі өзің үлгі бол,ұрпағың сонда үлгілі болар» деген қазақтың белгілі ақыны Мұзафар Әлімбаев атамыздың сөзі көп ой салады.

Бала — отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болып, үлгі-өнеге алады.Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық,ар-намыс сезімдерінің оянуына да ата-ана тәрбиесі ықпал етеді.

Ата-ана ұнамсыз жайларға,тіптіуақытша болса дабой алдыруға жол бермеуі тиіс.Өйткенікүйкі көріністің теріс ықпалы аз болмайды.

Ата-бабаларымыз ұрпағын ер жігітке кедергі болатын жалқаулық, аңқаулық, өтірік-өсек айту,т.б. жағымсыз  қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеген.

Әдетте «Бала — біздің болашағымыз» деп айтқанды бәріміз де ұнатамыз,бірақ соның астарына терең үңіліп жатпаймыз.Соған орай жас ұрпақты тәрбиелеуде жіберіп отырған олқылықтарымыз да аз емес.

Қазіргі уақытта  кәмелетке толмағандар арасында бұзақылық жасау азаймай отыр.Көптеген ата-ана  баланы өмірге әкелген соң,бірінші кезекте оны қатарынан қалдырмай киіндірсек,ішіндірсек болды деп ұғынады. Егер тәлім-тәрбиеміздің бәрі бірыңғай осы тұрғыдан құрылса, әрине,бұл дұрыс емес.Бала да жас өскін секілді баптағанды,аялағанды қажет етеді.Жасында ұғынбағанды баланың ер жеткенде түсіне қоюы екіталай. Сондықтан бауыр етіміз — баланың қоғамдағы өз орнын қателеспей табуына бағыт-бағдар беріп отыру ата-ананың негізгі міндеті болып қала береді.

Соңғы кездері жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың көбірек орын алуы неден деген сауал туындары сөзсіз.Оның себептері де көп.Көп жағдайда ата-ана баласының бос уақытын қалай өткізетініне мән бермейді немесе отбасындағы келеңсіз тірлік әлгіндей жағдайға, яғни бұзақылыққа душар етеді.

Бала тәрбиесі марғаулықты көтермейді.Қайсыбір ата-ана өз баласының әлсіздігін  мектептен, мұғалімдерден көреді, ал білім ордасы, керісінше, ата-ананы кінәлайды. Екі жақ та бала тәрбиесіне мұқият болмайынша, іс бітпейді.Тәрбие сапалы болуы үшін  балаға мектептің,ата –ананың,қоғамның жан-жақты қамқорлығы керек. Сонда ғана көргенді азамат  тәрбиелеп шығарамыз.

Біздің байланыс және электротехника колледжінде де оқушыларға өз мамандықтарын игертумен бірге, олардың саналы, білікті азамат болып шығуы үшін тәрбие жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.

Жастарымыздың күні ертең қолдарына диплом алып, көрнекті маман ретінде танылуы бәрімізге де мақтаныш емес пе?!

Эльмира ЕСҚАЛИЕВА,

Айбатша ОМАРОВА,

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің оқытушылары.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button