Жаңалықтар

Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!

Акция

Осындай атпен Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі акция өткізді. Акцияның мақсаты— пойыздардың адам басып кету қаупінің алдын алу, сондай-ақ балаларға теміржол маңында жүру ережелерін ескерту.

Өйткені  жыл басынан бері жолаушылар мен жүк пойыздары 90 рет шұғыл тоқтауға мәжбүр болған.  Оның 47-сі теміржол  бойына кенеттен  адамның  шығуымен байланысты болса, 43  мал шығу дерегі тіркелген. Осы шұғыл тежегіш қолдану деректеріне қатысты 65 құқық бұзушы анықталып, 46 құқық бұзушыға ескерту берілді. Барлығы 19 құқық бұзушыға 132703 теңге көлемінде айыппұл тағайындалып, өндірілді.

Бірнеше күнге созылған акция кезінде Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерітеміржолға жақын орналасқан елді мекендерге барып,  вокзалдар мен вогондардажолаушылармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жәкен АРТЫҚОВ, 

Ақтөбе станциясындағы

 ЖПБ әкімшілік полиция

 бөлімшесінің бастығы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button