Жаңалықтар

33 отбасына көмек берілді

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Жылулық сыйла» акциясы өтті.

Қайырымдылық шарасын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және қайырымдылық қорының «Бір аптада бір шара» жобасы негізінде облыстық өкілдіктің «Әйел-қыздар» секторы ұйымдастырды.

Аталған қайырымдылық акциясы барысында мешітке келіп өтініш білдірген көпбалалы, жалғызбасты және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Барлығы 33 отбасына 176 келіден астам киім-кешек таратылды. Оның ішінде балалар мен үлкендерге 21 күзгі және қысқы күртешелер, жылы тоқыма киімдер берілді. Сонымен қатар баспанасынан айырылған жалғызбасты анағаекі кілем табысталды.

«Жылулық сыйла» акциясы аудандық мешіттерде де өтті.Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде екі жасөспірім балаға қысқы жылы киімдер берілді.

Ақтолқын ТАЖИКОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button