Жаңалықтар

Мектебіміз жарқырап тұр

Ақтөбе қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектебінің ауласына жарықшамдар орнатылды.

Биылдан бастап білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыру және жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қаржыландыру  әдісі енгізілген болатын. Бұл мектептегі оқушының санына байланысты жүргізіледі. Осындай қаржыландырудың арқасында мектебіміз жарықтанды.

Қыс айларында қараңғы ерте түседі. Мектеп ауласындағы шамдар жарығының әлсіз түсуі сабақтан тарайтын оқушыларды да, мектеп қызметкерлерін де алаңдатып келген. Биыл бұл мәселе шешімін тапты. Мектеп ауласына қосымша 11 электр шамы орнатылды. Қазір мектептің айналасы самаладай жарық болып тұр. Бұл балалар мен тұрғындардың мектеп ауласында орналасқан спорт алаңына келіп емін-еркін серуендеуіне, кешкілік спортпен шұғылдануына мүмкіндік туғызып отыр.

Қ.МЕРҒАЛИЕВ,

 директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button