Жаңалықтар

Желтоқсаншылар іздестірілуде

«Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігі 1986 жылы Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасына қатысушы-куәгерлер туралы ақпараттарды жинақтауда.

— Біздің қоғамдық бірлестік биыл қыркүйек айында құрылды. Бірнеше бағытта стратегиялық жоспарымыз бекітілді. Қазіргі таңда 70-тен астам Желтоқсан оқиғасына қатысушы азамат тіркелді. Бұл жұмыстар әлі де жалғаса береді. Алдағы уақытта өмірден өткен желтоқсан құрбандарының ерлігін үлгі ету мақсатында қала көшелеріне баннерлер ілу жоспарланып отыр. Облыстық ішкі саясат басқармасымен тығыз байланыстамыз. Желтоқсан қатысушыларына қолдау көрсету, Тәуелсіздік күні қарсаңында арнайы марапатқа ұсыну көзделіп отыр, — дейді «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанар Омар.

Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын растайтын құжаттарды тапсыру үшін Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы Ясное тұрғын үй алабы, 154 А, №1 пәтерге жолығуға немесе zhanar01051965@mail.ru электронды поштасына жолдауға болады.

 А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button