Жаңалықтар

Ағаш егіліп, жағалау тазарды

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен күзгі көшеттер егу науқаны өтті.

Игілікті іске Ақтөбе қаласындағы 11-шағын ауданының тұрғындары мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік, Қазақ-орыс халықаралық университеттерінің және бірқатар колледж жастары белсене атсалысты.

Адам өміріндегі ең үлкен, игі істердің бірі —  тал егу. Себебі бұл болашақ ұрпаққа, өзімізге және табиғат-анаға жасаған үлкен сыйымыз.

Сондай-ақ «Birgemiz: Taza Alem»  жалпыұлттық жобасы аясында, Қарғалы өзені жағалауында экологиялық акция жүргізілді.

Акцияға қатысқан М.Арынов атындағы орта мектептің жастары жағалаудағы тұрмыстық қалдықтары жинап, тазалады.

Ақбаян ӘБІШОВА,

Ақтөбе қалалық жастар

ресурстық орталығының маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button