Жаңалықтар

Әскерилер қысқа әзір

«Қарулы Күштердің қару-жарақ пен әскери техникаларды қысқы пайдалану кезеңіне дайындық жұмыстары басталды», — деп хабарлайды Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі.

Маусымдық жұмыс басталмас бұрын әскери бөлімде жеке құраммен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақ өткізілді. Әскери қызметшілер жауынгерлік машиналар паркінде техникалардың жанар-жағармайын қысқы түріне ауыстырып, олардың сүзгілерін тазалады. Сонымен бірге дәнекерлеу, түзету жұмыстарын жүргізіп, ақауларды қалпына келтірді.

Маусымдық жұмыстарды жүргізу барысында жеке құрам мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдердің техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылады. Жұмыстың сапалы жүргізілуі үшін жеке құрам барлық қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілді, — дейді бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, майор Рамазан Жолдығұлов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button