Жаңалықтар

Жағалауды тазалады

Бүкіләлемдік тазалық күніне арналған«WorldCleanupday2021» экологиялық акциясына жүзден астам табиғат қорғаушылары қатысты. Бұл шара Ақтөбе су қоймасы жағалауында өтті. 

Биылғы суға түсу маусымы аяқталған кезде өткен сенбілікке еріктілер өз көліктерімен келді.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бастамашы болған бұл игілікті іске қаладағы еңбек ұжымдары, оқу орындарының студенттері, сондай-ақ экологиялық қозғалыс белсенділері қатысты.

– Акцияға Жаңажол мұнай өңдеу зауыты әкімшілік-басқару корпусының ұжымы, Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетінің, Марат Оспанов атындағы Ақтөбе медицина университетінің, Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенттері, колледждердің оқушылары қатысты. «Ақтөбе, тыныс ал!» командасының көптеген еріктілері келді,— деді басқарма өкіліМәдиКемешов.

Ол сондай-ақ мұнда «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасының қатысушылары да жиналғанын тілге тиек етті.

«AlinaGroup» ЖШС-ның қызметкері АйбекТоқабаев су қоймасы маңын тазалауға өз әріптестерімен бірге келген екен.

– Мұндай экологиялық акцияларды мүмкіндігінше жиі өткізіп, тұрғындарды да көбірек тарту керек. Сонда біздің бауырларымыз таза ауада демалғаннан кейін соңдарына түрлі қалдықтар тастап кетпес еді деп ойлаймын. Ал қазіргі жағдайда тазалыққа мән бермейтіндерге айып салып, қатаң шара қолданғанның артықтығы жоқ,— дейді ол.

Нұргүл АРЫНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button