Жаңалықтар

Қауіп әлі сейілген жоқ

Тікелей эфир

Облыста соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 106 жағдай тіркелді. Бұл туралы «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы» тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева баяндады.

Гүлбану Дәулетованың айтуынша, 106 жағдайдың ішінде 88-інде ауру симптомдары болса, қалғаны — симптомсыз.

— Жалпы, облыста коронавируспен ауырған 31 684 жағдай тіркелді, оның ішінде 75 пайызы ауру белгілерімен және 24,4 пайызы — симптомсыз жағдай.

28 724 науқас жазылып шықты. 31 684 науқастың 0,7 пайызы ауруды сырттан әкелген, 12,2 пайызы — ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 87 пайызы — жергілікті жағдайлар. ​​​Қазіргі таңда үй карантиніне 11 513 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде, — деді Г.Дәулетова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста мобильді мониторингтік топтар жеке және заңды тұлғалардың нысандарда карантиндік шараларды орындауын, соның ішінде бетперде тағу режимін, басқа да эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау бойынша рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуде. Мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес биыл жыл басынан бері «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 86 636 120 теңге көлемінде 854 айыппұл салынған.

— Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 806 адам ем алуда. Жансақтау бөлімінде 88 науқас ем алып жатыр. Карантиндік стационарларда 2 адам бақылауда.

Жалпы, стационардағы кереуеттердің 43 пайызы, жансақтау бөліміндегі кереуеттердің 40 пайызы толық.

Өңірдегі 11 зертханаға індет басталғалы 895 507 ПТР-тест әкелінді, соңғы тәулікте 7967 зерттеу жүргізілді, — деді А.Күштаева.

Эпидемиолог мамандардың айтуынша, өңірде әлі де қауіп сейілген жоқ. Сондықтан облыс тұрғындарына түрлі мерекелік іс-шараларды, той-жиын, отбасылық басқосуларды

өткізуге тыйым салынады.

 Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button