Жаңалықтар

Облыс жылыту маусымына дайын

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында облыстың отын-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жылыту маусымына дайындығы қаралды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, бірқатар мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, сонымен қатар Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері онлайн түрде қатысты.

Коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қазандықтарды, жылу желілерін, су құбыры-кәріз және электр желілерін жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында есеп берді. Жалпы, жөндеу жұмыстарының кестесі сақталуда, облыста жылыту маусымына дайындық жоспарға сай.

Өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауды, жылыту маусымының уақытында басталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиында сондай-ақ өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, COVID-19-ға қарсы екпе алу барысы мен облыс бюджетінің орындалуына байланысты сұрақтар қаралды.

Жиын соңында өңір басшысы жауапты тұлғаларға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол құрылысы қарқынын тездету, т.б. мәселелерге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button