Пікір

Субсидиялау саясатын тұрақтандыру сенімділік үшін қажет

Юрий Баранов,

«Велиховка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Президент Жолдауы — алдағы даму бағыттарын, тұрақтылықты сақтау жолындағы іс-шараларды айқындайтын маңызды құжат. Бүгінгі күні, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласына қолдау өте-мөте қажет. Расын айтқанда, бұрын-соңды аграрлық сектор қолдауға дәл қазіргідей мұқтаж болып көрген емес.

Өткен жылы біз мал азығына субсидия алдық. Мал шаруашылығы үшін бұл — өте қажет көмек. Ал егіс даласындағы жұмыстар үшін уақытылы арзан жанар-жағар май беріледі. Бұл тұқым себу, астық жинау жұмыстарын дер кезінде аяқтап үлгеруге зор септігін тигізеді. Астық өсіруде науқандық әр шаруаны кешіктірмей істеудің маңызы зор екені баршаға белгілі. Тозығы жеткен техниканы жаңасымен алмастыру үшін 35 пайыз көлеміндегі қаржылай субсидия да — ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін зор көмек. Осындай жан-жақты қолдау бізге өз ісімізді одан әрі кеңейтіп, дамытуға мүмкіндік береді.

Президент аграрлық саясатта сабақтастықты сақтауға, субсидиялау тәсілдерін тұрақтандыруға тапсырма берді. Алдағы күнге сенімді болу, жұмыстарды алдын-ала жоспарлау тұрғысынан бұл, әрине, өте тиімді. Біздің басты міндетіміз — елімізді азық-түлікпен толықтай қамту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан келгенде, біз мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық пен қолдауды ақтауға бар күшімізді саламыз.

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button