Жаңалықтар

Жолда абай бол, балақан!

Облыстық полиция департаментінің ұйымдастырымен оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында  «Назар аударыңызбалалар!» акциясы өткізіліп жатыр.

Аталған шара шеңберінде полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, балалар ұйымдары орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақтарда көше-жол желісіне, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына тексеру жүргізуде. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 41 ұйғарым берілген. Қосымша 31 жол белгілері, 5 жерге жасанды жол кедергілері және 310 шаршы метр жол таңбалары салынды.

Полиция департаменті ата-аналардан балаларға күн сайын жолдан өту тәртібін үйретуді және облыс көшелері мен жолдарында қозғалыс кезінде қырағы және мұқият болуды сұрайды. Бұл шара 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button