Жаңалықтар

Акцияға үлес қосты

 Мектепке жол

Дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясына Ақтөбе қаласының әкімдігі де өз үлестерін қосты.

Қалалық әкімдіктегі мемлекеттік қызметшілер мен қалалық мәслихат депутаттары аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып әперді. Акция барысында 100-ге жуық бала қамтылды.

— 1 қыркүйек — барлық оқушылар үшін жаңа өмірдің, жаңа кезеңнің басталу сәті.  Бұл күн — ұстаздар мен оқушылар қауымы үшін үлкен мереке. Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Мектепке жол» акциясының мақсаты — осы мереке иелеріне оқу жылының басында көмектесу. Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері мен ұйымдарын осы акцияға атсалысуға шақырамыз! — делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

40 БАЛАҒА СЫЙЛЫҚ ҰСЫНДЫ

 «Мектепке жол» акциясы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешіті 40 балаға мектеп құралдарын табыстады.

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы қайырымдылық шарасына аз қамтылған отбасылардың оқушы балалары мен олардың ата-аналары шақырылды. Балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер ұсынылды.

Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Ата-аналар да: «Кейде мектепке баратын баланы киіндіріп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету оңайға түспейді. Сондықтан мешіт жанынан ұйымдастырылатын осындай ізгі шаралар бізге — үлкен көмек. Алла разы болсын!» — десіп, өз ризашылықтарын жеткізді.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button