Пікір

Денсаулық бәрінен қымбат

Нұрлыхан ХАСЕНОВ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының басшысы:

— Індетті тоқтатудың жалғыз жолы вакцина екендігі жыл басынан бастап айтылып жатыр. Вакцинаның тиімді тұсы туралы халық өз деңгейінде ақпараттандырылған секілді.

Бірақ тұрғындардың көпшілігі  жауапты ресми органдардың сөзінен гөрі, тексерілмеген бейресми мәліметке көбірек сенетіні жасырын емес. Сондықтан бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарын әлі де жалғастырса, артық болмайды деп ойлаймын. Жуырда облыстық ақпараттық түсіндіру тобын бастап Алға, Мұғалжар аудандарында болып қайттым. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында олардың екпеге деген көзқарасының оң екендігін байқадық.

Өзім «Спутник V» вакцинасының екі компонентін де алдым. Жалпы, отбасымыздың барлығы түгелдей екпе алды. Өйткені денсаулық бәрінен қымбат.

Байқағаным, маусымдық аллергиясы бар адамдар екпе салдыруға қорқады. Менің де  маусымдық аллергиям бар. Бірақ одан қорқудың еш қажеті жоқ. Әрине, екпе салдырмас бұрын денсаулығыңызды тексертіп, дәрігеріңізбен кеңесіп алған жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button