Пікір

Амандығымыз үшін екпе алдым

Бегалы ДАНАҒҰЛОВ, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС №2 байыту фабрикасының технологы:

— Облыс аумағында ақпан айынан бастап вакциналау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Отбасымызда анам мен інім алғашқылардың бірі болып вакцина алды. Мен де әуел бастан-ақ алуға ниеттеніп жүргенмін. Сәті шілде айында түсті. Сөйтіп, 13 шілде күні Хромтау аудандық ауруханасына қарасты Көктау ауылдық округіндегі дәрігерлік пунктке барып,  «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін, ал 3 тамыз күні екінші компонентін алдым. Екпе алғаннан кейін оның ешқандай жағымсыз әсерін байқамадым.

Вакцина алуға ешкім міндеттеген жоқ, өзім үшін, отбасымыздың амандығы үшін алдым. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын десек, біз осы қазірден бастап ойланып, індетке қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыруымыз қажет. Ал оның жалғыз ғана жолы — вакцина алу.

Жалпы, халық арасында вакцина туралы сан қилы пікірлер айтылуда. Теріс пікірлерге мән бермей, тек дәрігерлердің сөзіне құлақ асқан жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button